Песков мұнай бағасы көрсеткіштерінің болымсыз екенін атап көрсетті

Ресей президенттік сарайы мәлімдемешісі Дмитрий Песков мәлімдеме жасады.

1403454
Песков мұнай бағасы көрсеткіштерінің болымсыз екенін атап көрсетті

Ресей мұнай бағаларындағы динамикалардың болымсыз екенін және қазіргі жағдайдың оңай еместігін білдірді.

Ресей президенттік сарайы мәлімдемешісі Дмитрий Песков Мәскеудегі баспасөз жиналысында журналисттерге мұнай бағаларын бағалады.

Мұнай бағаларының арзандауымен байланысты Ресей қабылданған шаралар жайлы бір сұраққа Песков «Күту керек. Бағалардағы динамикалар шынында да болымсыз және қазіргі жағдай оңай емес. Алайда жағдайды бір күндік немесе бір апталық емес, ұзақ мерзімді бағалау керек» деді.

Жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы себепті жаһандық мұнай сұранысы  рекорд деңгейге шегерілген еді.

Саул Арабиясы басшылығындағы Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы «OPEC» және Ресей басшылық жасаған OPEC-тен тыс мұнай өндірген елдер 1 мамыр күнінен бастап жалпы шикі мұнай өндірістерін 2 ай бойынша күндік 9,7 миллион баррель азайтуға шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар