ДАИШ-тік террористтер Хашди Шааби мүшелеріне шабуылдады

Иракта террор ұйымы ДАИШ тарапынан жасалған шабуылда 3 адам қаза тапты.

1395173
ДАИШ-тік террористтер Хашди Шааби мүшелеріне шабуылдады

Тузхурмату Полиция директоры Хүсейин Али террор ұйымы ДАИШ мүшелерінің Тузхурмату ауданының солтүстік батысында орын алған Хилеве әскери әуе базасы маңындағы Хашди Шаабиге қарсы шабуыл жасалғанын білдірді.

ДАИШ-тік террористтер айдаған көліктен Хашди Шаабиге тиесілі бекініске шабуыл жасалғанын білдірген Али шабуылда 3 адамның қаза тапқанын, 5 адамның да жарақат алғанын мәлімдеді.

Шабуылда қаза тапқан немесе жарақат алғандардың Хашди Шааби мүшелері екенін атап көрсеткен Али оқиғаның артынан аймақта операция бастағандарын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар