БҰҰ-да коронавирусқа байланысты резолюция қабылданды

Жаһандық ұйымшылдық және халықаралық ынтымақтастықтың арттырылуына шақыру тастайтын резолюция ауызбіршілікпен қабылданды.

1390525
БҰҰ-да коронавирусқа байланысты резолюция қабылданды

БҰҰ Бас ассмаблеясында коронавирустың жаңа түріне қарсы жаһандық ұйымшылдық және халықаралық ынтымақтастықтың арттырылуына шақыру тастайтын резолюция ауызбіршілікпен қабылданды. 

Норвегия,  Швейцария, Сингапур, Индонезия, Лихтенштайн және Гана тарапынан дайындалып, 188 ел қолдау берген резолюция ауызбіршілікпен қабылданды. Аталмыш резолюция коронавирус эпидемиясына байланысты қабылданған БҰҰ-ның бірінші қарары болып саналады. 

Коронавирус эпидемиясы себебімен бас қоса алмаған Бас ассамблеяда дауыс беру де жаңа ережелер шеңберінде өткізілді. Жоба ұсынылғаннан кейін кеше жергілікті уақытпен сағат 18-ге дейін елдерге наразылық білдіру құқығы берілді. 

Мерзім аяқталғаннан кейін ешбір наразылық келмегендіктен резолюция ауызбіршілікпен қабылданды және күшіне енді. 

Резолюцияда коронавирустың қоғамдардағы қиратушы ықпалы мен экономика, жаһандық саяхат және саудаға әсер еткеніне назар аударылды. Кедей және эпидемия қатты әсер еткен елдерге көмек берілуі керектігі атап көрсетілді. 



Ұқсас жаңалықтар