Помпео Түркияға қолдауын қайталады

Помпео: "Ресейдің осы шабуылдар барысында ондаған Түрік әскерін өлтіргеніне сенеміз" деді.

1380050
Помпео Түркияға қолдауын қайталады

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Сирияның Идлиб аймағы тақырыбында Түркияның қасында болғандарын білдіріп, бұл жердегі Асад режимі бомбалаулары үшін:

"Ресейдің осы шабуылдар барысында ондаған түрік әскерін өлтіргеніне сенеміз" деді.

Майк Помпео Сыртқы істер министрлігінде баспасөз жиналысын өткізді.

Ресей мен Иран қолдау берген Асад режимінің Идлибтегі шабуылдары себепті бір миллион адамның мекенінен кеткенін айтқан Помпео Сирияда саяси шешімге шақыру тастады.

Помпео Идлибтегі инфрақұрылымдардың Асад әкімшілігі мен қолдаушыларының бомбалауында күйрегеніне меңзеп:

"Ресейдің осы шабуылдар барысында ондаған түрік әскерін өлтіргеніне сенеміз. НАТО одақтасымыз Түркияның қасындамыз. Түркияға қосымша қолдау беруді ойластырудамыз" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар