7 террорист ұсталды

Ұсталған террористер сот алдына шығарылады.

1359586
7 террорист ұсталды

Ирактың Мосул қаласының батысында ДАИШ террорлық ұйымының 7 мүшесі ұсталды.

Мосул Қалалық мәжілісінің төраға орынбасары Нуреттин Каплан полиция қызметкерлерінің қаланың батысында басқын жасап,  7 террористі ұстағанын білдірді.

Каплан ізделген тізіміндегі осы кісілердің террорлық ұйымның жасырын ұяшықтарына мүше екенін айтты.

Ұсталған террористер сот алдына шығарылады.

ДАИШ террорлық ұйымы 2014 жылдың маусым айында Мосул, Салахаддин және Энбар уәлаяттарының барлығы мен Дияла және Киркук уәлаяттарының бір бөлігін басып алып, осы аймақтар кейіннен ұйымның бақылауынан қайтарып алынған еді. Ирактың бұрынғы премьер-министрі Хайдар әл Абади 2017 жылдың 9 желтоқсан күні ДАИШ-пен соғыста жеңіске жеткендерін жариялаған болатын. Террорлық ұйымның аймақтан тазалануынан бері 2 жыл өтсе де, осы аймақтардың шалғай жерлерінде шабуылдары жалғасып келеді.



Ұқсас жаңалықтар