АҚШ-тың Калифорнияда коронавирус инфекциясы тіркелді

АҚШ-тың Чикаго мен Вашингтонның артынан Калифорния штатында да коронавирус тіркелді.

1347601
АҚШ-тың Калифорнияда коронавирус инфекциясы тіркелді

АҚШ-тың Чикаго мен Вашингтон штаттарының артынан Калифорния штатында да жаңа коронавирус инфекциясы тіркелді.

АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары Калифорния штатының Orange ауданында Қытайдың Ухан қаласынан келген бір жолаушыда жаңа коронавирус анықталғаны расталды.

Orange Аудандық денсаулық басқармасы науқастың карантинге алынғанын және жағдайының жақсы екенін білдірді.

Науқас жақын байланыс жасаған баршаның бақылауға алынатыны атап көрсетілді.

Тайваньдағы жұқпалы ауру бақылау орталығы жаңа коронавирус оқиғасында ауруды жұқтырғандар санының артуы себепті іскерлер мен гуманитарлық жәрдем мақсатты келушілерден тыс Қытай азаматтарының аралға кіруіне рұқсат берілмейтінін білдірді.

Іскерлердің болса Тайваньға кіре салып, екі апта бойынша денсаулық бақылауынан өту шартымен рұқсат алатыны білдірілді.

Тайваньда білім алған қытайлық студенттердің елге оралуын екі аптаға кешіктіруін, Хубэйде өмір сүргендердің кейінгі шешімге дейін Тайваньға қайта оралмаулары талап етілді.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Қытайдың Ухан қаласынан елге оралғысы келген барлық жапон азаматтарына көмектесетіндерін жариялады.

Абэ мәлімдемесінде Ухандағы жапон азаматтарының елге әкелінуі үшін чартер ұшағы немесе басқа әдістерді іске қосатындарын атап көрсетті.

Жапон үкіметіне қарағанда Ухан қаласында 710 жапон азаматы өмір сүруде.



Ұқсас жаңалықтар