Халықаралық қоғамнан Мысырға наразылық

БҰҰ мәлімдемешісі Стефан Дужаррик Анадолы агенттігі қызметкерлерінің тергеуге алынуын жіті қадағалайтындарын білдірді

1341894
Халықаралық қоғамнан Мысырға наразылық

БҰҰ мәлімдемешісі Стефан Дужаррик күнделікті баспасөз мәслихатында Мысыр полициясының Анадолы агенттігі Каир офисіне басып кіріп, 4 қызметкерді тергеуге алумен байланысты «Журналисттердің тұтқындалуы және тергеуге алынуы жайлы жаңалықтар бізді алаңдатуда. Тақырыпты тергейміз» деді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде болса «Мысыр әкімшілігіне тергеудегі журналисттерді еркін жіберуі және сөз бостандығы мен ашық медиаға рұқсат беруге шақырамыз» делінді.

Журналисттерді Қорғау комитеті болса Мысырда тергеуге алынған Анадолы агенттігі қызметкерлерін дереу босатуға шақырды.

Комитеттің Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкаға жауапты координаторы Шариф Мансур жасаған мәлімдемеде «Мысырда тергеуге алынған журналисттер елдер арасындағы дағдарыстарда саяси кек алу құралы болмау керек. Лауазымдылар тергеуге алынған Анадолы агенттігі қызметкерлерін дереу босатуға тиісті, медиаға қысым жасау және үнін өшіруге бағытталған негізсіз айыптауларды тоқтату керек» делінді.

Мәлімдемеде комитеттің Мысырда бас прокуратурамен журналисттердің тергеуге алынулары жайлы байланыс құрылғаны, дегенмен лауазымдылардың комитетке жауап қайтармағаны білдірілді.

Халықаралық Баспасөз институты Құқық бөлімшесі директоры Рави Р. Прасад болса Анадолы агенттігі қызметкерлерін тұтқындалуына қатаң түрде наразылық көрсетіп, «Анадолы агенттігі және мекеме қызметкері журналисттерге бағытталған Мысыр полицияның опасыз жәбірлеуін қатаң түрде айыптағаны» деді.

Балкан және Оңтүстік Еуропа хабар агенттігі одағы (ABNA-SE) болса оқиғаға наразылық көрсетіп, бұл «опасыз» әрекеттің сөз еркіндігіне зиян келтіргенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар