Хашди Шааби басшыларынан Әбу Мехди әл-Мүхенис Бағдатта жерленеді

АҚШ-тың шабуылында қаза тапқан Хашжди Шааби басшысының орынбасары Әбу Мехди әл-Мүхенис пен 6 лауазымды Бағдатта жерленеді.

1334411
Хашди Шааби басшыларынан Әбу Мехди әл-Мүхенис Бағдатта жерленеді

Иракта АҚШ-тың зымыран шабуылында қаза тапқан Иран Төңкеріс сарбаздары армиясы Иерусалим күші қолбасшысы Касым Сүлеймани, Хашди Шааби басшысының орынбасары Әбу Мехди әл-Мүхенис және тағы 6 адам үшін бас қала Бағдатта ертең жаназа рәсімі ұйымдастырады.

Иракта Иранға жақын Хашди Шааби ұйымының баспасөз дирекциясының твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Мүхендис және ирактық Хашди Шааби мүшелерінің рәсімнің артынан Неджефте жерленетінін атап көрсетті.

Иранның Бағдаттағы өкілетті елшісі Иредж Месджиди болса генерал Касым Сүлейманидің мәйітінің Иранға апарылатынын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар