Жапониядағы Сакурадзима Жанартауында жарылыс болды

Кагосима шығанағына орналасқан Сакурадзима Жанартауының төбесінен күл бұлыттары көтеріле бастаған.

1303111
Жапониядағы Сакурадзима Жанартауында жарылыс болды

Жапонияның оңтүстігіндегі Сакурадзима Жанартауында жарылыс болды.

Жапон хабар агенттігі Киотоның хабарына қарағанда Кагосима шығанағындағы бір жарты аралға орналасқан Сакурадзима Жанартауының төбесінен күл бұлыттары көтеріле бастаған.

Жапония Метеорология агенттігі күлдің 5 мың 500 метрге дейін көтерілгенін және мұның жанартауда 2016 жылы шілдеден бергі байқалған ең ірі жарылыс болғанын хабарлады.

Агенттік жарылыс жалғасатын болса, волкан жартастарының және от шеңберінің бір километр төңірегіне жайылуы мүмкін деген ескерту жасады.

Жанартаудағы жарылыс материалдық шығынға себеп болмады.



Ұқсас жаңалықтар