Ауған-Талибан диалогі Қытайда өтеді

Қытай Талибан мен Ауғанстан ұйымдары арасындағы бейбітшілік кездесулеріне үй иесі болады.

1301267
Ауған-Талибан диалогі Қытайда өтеді

Қытай Талибан мен Ауғанстан ұйымдары арасындағы бейбітшілік кездесулеріне үй иесі болады. 

Ауғанстан Президенттік әкімшілігінің мәлімдемешісі Сиддик Сиддики ақпаратқа жасаған мәлімдемесінде Қытайда өткізілуі жоспарланған Талибан-Ауған диалогіне Ауғанстаннан қатысатын делегацияның тізімі дайындала бастағанын айтты.

Жиналыстың уақыты белгіленбегенін білдірген Сиддики:

"Ауғанстан президенті Ешреф Гани Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Уанг Имен телефонда сөйлесіп, Талибан-Ауған диалог процесінің Қытайда өтуіне келісті" деді.

Сиддики бейбітшілік кездесулерінің Ауғанстан үкіметі мен халқының жетекшілігінде өтуінің маңызына тоқталды.

Талибанның Катардағы мәлімдемешісі Сухайл Шахин Ауғанстандағы саяси мәселелердің шешімі үшін аталмыш жиналысқа делегация жолдайтындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар