Ливанда Харири міндеттен кетті

Саад әл Харири отставкасын президент Мишель Авнға ұсынды.

1296858
Ливанда Харири міндеттен кетті

Ливан премьер-министрі Саад әл Харири отставкасын президент Мишель Авнға ұсынды.

Харири отставакасын жариялаған баспасөз мәслихатынан кейін Бейруттың шығысында орналасқан Президенттік сарайға барды.

Ливанда 17 қазан күнінен бері жалғасып келе жатқан үкіметке қарсы наразылықтар себебімен міндетінен кеткен Харири президентке отставкасын бергеннен кейін мәлімдеме жасамады.

Хариридің оставка хаты артынан Президенттік аппарат тарапынан жарияланды.

Харири хатында «Қиыншылықтарға қарсы мықты ерік-жігері бар ливандықтардың мүддесін қорғайтын жаңа үкіметтің құрылуы керектігіне шешім бердім.  Үкіметім отставкаға кетеді, сіздерге табыс тілеймін» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар