Ирактағы шерулерде қаза тапқандар саны 104-ке ұласты

Иракта 1 қазан күнінен бері жалғасқан үкіметке қарсы шерулерде 6 мың 107 адам жарақат алды.

1282843
Ирактағы шерулерде қаза тапқандар саны 104-ке ұласты

Иракта 1 қазан күнінен бері жалғасқан үкіметке қарсы шерулерде 104 адам қаза тапты, 6 мың 107 адам жарақат алды.

Ирак Ішкі істер министрлігі мәлімдемешісі Саад Маан Бағдатта өткізген баспасөз жиналысында 1 қазан күнінен бері үкіметке қарсы шерулермен байланысты мәлімдеме жасады.

Маан 1 қазаннан бастап, Бағдат пен оңтүстік қалаларында жалғасқан үкіметке қарсы шерулерде жазықсыз және қауіпсіздік қызметкері барлығы 104 адамның қаза тапқанын, 6 мың 107 адамның жараланғанын атап көрсетті.

Мәлімдемеші шерулерде 51 мемлекеттік және жекеменшік мекемеге қоса, 8 партия ғимаратының да өртенгенін жеткізді.

Министрлік мәлімдемешісі Маан өртенген мекемелер арасында 2 полиция бақылау бекетінің де бар екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар