Израиль Хамас ұйымының бірнеше әскери нысанын бомбалады

Баспасөз хатшысы бомбалаудың Газадан Израильге қарай лақтырылған зымыранға жауап ретінде жасалғанын айтты.

1256574
Израиль Хамас ұйымының бірнеше әскери нысанын бомбалады

Израиль басқыншылық астындағы Газа секторында Палестинаның Хамас ұйымының бірнеше әскери нысанын бомбалады.

Бұл туралы Израиль армиясының баспасөз хатшысы Авикай Адрае мәлімдеді. Ол Израиль бомбалаушы ұшақтарының Газаның солтүстігінде Хамастың бірнеше әскери пунктын нысанаға алғанын хабарлады.

Баспасөз хатшысы бомбалаудың Газадан Израильге қарай лақтырылған зымыранға жауап ретінде жасалғанын айтты.

Ол кеше кешке де Газадан Израильге зымыран лақтырылғанын,  осыған орай Хамастың бір әскери пунктына шабуыл жасалғанын білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар