Идлибте 10 адам қаза тапты

Сирияда Башар Асад әкімшілігі мен қолдаушысы Ресейдің Идлиб қақтығысты баяулату аймағы шекарасындағы елді мекендерге шабуылы жалғасуда.

1252900
Идлибте 10 адам қаза тапты

Сирияда Башар Асад әкімшілігі мен қолдаушысы Ресейдің Идлиб қақтығысты баяулату аймағы шекарасындағы елді мекендерге шабуылы жалғасуда.  Соңғы бомбалауда 10 адам қаза тапты.

Асад әкімшілігі мен Ресейдің ұшақтары Хан Шейхун және Марратиннуман аудандарын, Быдамағ Маррытырме және Медая ауылдары, Хаманың солтүстігінде Кефер Зита,  Латамине аудандарын және Латмин ауылын бомбалады.

Идлиб Азаматтық қорғаныс директоры Мұстафа Хаж Юсуф «Кеше кеште бомбалау артты.  Әкімшілік пен қолдаушыларының шабуылында 10 адам қаза тапты» деді.

Оппозицияның ұшақ бақылау орталығы және Азаматтық қорғаныс көздерінің мәліметіне қарағанда,  орыс ұшақтарының кешегі бомбалауында Идлибтің Маррытырме ауылындағы медициналық орталық нысанаға алынды. Шабуылда 3 адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар