Коалиция күштерінің штаб пәтеріне баллистикалық зымыран шабуылы

Хоуситтер Сауд Арабиясындағы Коалиция күштері штаб пәтерін баллистикалық зымыранмен атқылағанын мәлімдеді.

1243717
Коалиция күштерінің штаб пәтеріне баллистикалық зымыран шабуылы

Йеменде Иран қолдау берген хоуситтер Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Коалиция күштері штаб пәтеріне баллистикалық зымыран шабуылы жасағанын жариялады.

Хоуситтердің Әскери мәлімдемешісі Яхия Сери, Әл-Месира телеарнасына жасаған мәлімдемеде елдің оңтүстігіндегі Неджран қаласында Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштеріне тиесілі штабын азанғы уақытта қысқа атымды баллистикалық зымыранмен атқылағандарын білдірді.

Аталмыш шабуылда штаб пәтердегі операция бөлімшесінің жойылғанын атап көрсеткен Сери шабуылда араларында қолбасшылар да бар көптеген адамның қаза тауып, жарақат алғанын атап көрсетті.

Сери нысанаға алынған штабтың Сауд Арабиясы-Йемен шекарасындағы қақтығыстарды басқару орталығы ретінде қолданылғанын мәлімдеді.

Сауд Арабиясы және коалиция күштерінен тақырыппен байланысты мәлімдеме келмеді.



Ұқсас жаңалықтар