Резолюция жобасы Трампқа қайта жолданды

Екі рет кері қайтарылған жоба қайта бекітілді.

1238173
Резолюция жобасы Трампқа қайта жолданды

Америка Құрама Штаттары Өкілдер мәжілісі президент Дональд Трамп екі рет вето қылған Сауд Арабиясына қару сатуға кедергі жасайтын 3 резолюцияны қайтадан бекітті.

Бұл туралы Өкілдер мәжілісі Сыртқы байланыстар комитеті төрағасы Элиот Энгел мәлімдеме жасады.  Ол Шығанақ аймағындағы АҚШ одақтастарына Йемендегі хоуситтердің қаупі төніп тұрғанын білетіндерін, алайда адам құқықтары бұзушылықтарын да елемей отыра алмайтындарын атап көрсетті.

Энгел «Аймақтағы ынтымақтастық одақтастарымыз істеген қылмыстарды көрмейміз деген мағынаға келмейді. Басымызды иіп,  президенттің күш көрсетуіне рұқсат береміз деген мағынаға келмейді.  Трамп әкімшілігі құндылықтар үшін жұмыстанбаса,  Конгресс жұмыстануы керек» деді.

Республикашылдар қолдау берген резолюция жобасы бұдан бұрын екі мәрте вето қылған Трампқа үшінші рет жолданады.

Жоба АҚШ президенті Трамптың Сауд Арабиясы саясатына маңызды наразылық ретінде бағаланды.

Аталмыш резолюция жобасында Ел Кайдамен соғысқандар тысында Йемендегі соғысқа қосылған немесе әсер еткен Америка әскери болмыстарының 30 күн ішінде кері келуін көздейді.



Ұқсас жаңалықтар