Мурсидің ұлы әкесіне жаназа рәсімін өткізуге рұқсат берілмегенін айтты

Мұхаммед Мурсидің ұлы Абдуллах Мурси Мысыр ұйымдарының әкесі үшін жаназа рәсімін өткізуіне рұқсат бермегенін білдірді.

1221523
Мурсидің ұлы әкесіне жаназа рәсімін өткізуге рұқсат берілмегенін айтты

Мысырда сот залында қайтыс болған елдің демократиялық жолмен сайланған тұңғыш және жалғыз президенті Мұхаммед Мурсидің ұлы Абдуллах Мурси Мысыр ұйымдарының әкесі үшін жаназа рәсімін өткізуіне рұқсат бермегенін білдірді.

Абдуллах Мурси әлеуметтік ақпарат желісінен жариялаған мәлімдемесінде Мысыр ұйымдарының әкесі үшін ел тарихындағы тұңғыш сайланған президентке жарасатын бір жаназа рәсімін өткізуіне және көңіл айту рәсімен ұйымдастыруына кедергі болғанын атап көрсетті.   

Мурси: "Әкеміздің үйінде көңіл айту тілектерін қабылдауымызға да рұқсат берілмеді" деді.

Абдуллах Мурси сонымен бірге Мысырдағы шектемелерге қарамай әлемнің түрліше аймақтарында әкесіне арналып сырттай жаназа намаздары оқылғанына разылығын жеткізді. 

Тақырыпқа байланысты Мысыр ұйымдары мәлімдеме жасамады. 



Ұқсас жаңалықтар