Алжирде президенттік сайлауға үміткер шықпады

Атазаң кеңесінің үміткерлік құжаттарын тапсыру үшін берген уақыты толғанына қарамай, ешбір үміткер құжаттарын тапсырмаған.

1208492
Алжирде президенттік сайлауға үміткер шықпады

Алжирде 4 шілдеде өткізілуіне шешім қабылданған президенттік сайлауға үміткерлік үшін берілген уақыт толды. Алайда Атазаң кеңесіне ешкім үміткерлік үшін өтініш тапсырмады.

Тақырыпқа байланысты түрліше хабар көздерінің білдіруіне қарағанда, Атазаң кеңесінің үміткерлік құжаттарын тапсыру үшін берген уақыты толғанына қарамай, ешбір үміткер  құжаттарын тапсырмаған.

Президенттікке үміткер болғандардан Лахдар Бин Захие кеше жасаған мәлімдемесінде үміткерліктен шегінгенін білдіріп:

"Басқа үміткерлер кері шегінгеннен кейін Атазаң кеңесінде жалғыз қалдым. Сол себепті үміткерлігім шарттарға толғанына қарамай, досиямды тапсырмауды жөн көрдім" деген.

Алжир сайлауында саяси салада мәртебесі болмаған немесе танылмаған кісілердің үміткер болуы қалыпты жағдай. Аталмыш кісілер үміткерлікке өтініш берген кезде қажетті шарттар арасындағы 60 мың қолтаңбаны жинай алмағандықтан тізімге ілінбейді.  



Ұқсас жаңалықтар