Халықаралық коалиция лауазымдысы мойындады

Генерал лейтенант Крис Чика YPG мүшесі террористтерді жаттықтырғандарын мойындады.

1201399
Халықаралық коалиция лауазымдысы мойындады

АҚШ басшылығындағы ДАИШ-пен күрес коалициясы қолбасшысының орынбасары генерал лейтенант Крис Чика PKK-террор ұйымының Сирияның солтүстік шығысындағы тармағы YPG мүшесі террористерді жаттықтырғандарын мойындады.

Ағылшын генерал лейтенант Чика видео конференция арқылы АҚШ Қорғаныс министрлігіне (Пентагон) байланыс жасап, Ирак және Сириядағы операцияларға бағытталған сұрақтарға жауап қайтарды.

Сирияның солтүстік шығысында тұрақтылық жұмыстарына бағытталған саяси келіссөздердің жалғасқанын атап көрсеткен Чика АҚШ-тың Сирия арнайы өкілі Джеймс Джеффридің осы тақырыпта Түркия мен «SDG» атын қолданған бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-мен келіссөздерін жалғастырғанын атап көрсетті.

Коалицияның «SDG» деген атты қолданған YPG/PKK шаңырағы астындағы 40 мың адамнан тұратын «қауіпсіздік күшінің» жаттықтырғаны жайлы бір сұраққа жауап қайтарған Чика «Сирияның солтүстік шығысындағы санды толығымен айта алмаймын. Өйткені сол жер өте нәзік бір аймақ. Дегенмен мынаны айтуға болады. 30-40 мың арасы адаммен тұрақты түрде ілгерілемекпіз» деді.

Чика қазірге дейін осы жаттығулар аясында қанша адамды жаттықтырғандары тақырыбында «Қазірге дейін 10-20 мың арасында адам жаттықтырды. Осы көрсеткіш бір қалыпты артып отырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар