Ханзада Уильям мешітке барды

Ханзада Уильям Жаңа Зеландияда террорлық лаңкестікке нысана болған Крайстчерч қаласындағы Нұр мешітіне барды.

1190220
Ханзада Уильям мешітке барды

Ұлыбритания тағының екінші кезектегі мұрагері Ханзада Уильям Жаңа Зеландияда террорлық лаңкестікке нысана болған Крайстчерч қаласындағы Нұр мешітіне барды.

BBC –дің хабарына қарағанда, екі күндік Жаңа Зеландия сапары шеңберінде Крайстчерч қаласындағы Нұр мешітіне барған Уильям мешітке ұшқары оңшыл террористтің мақсатына жете алмағанын көрсету үшін келгенін білдірді.

«Террорист бірліктің символына айналған бір жерге жек көрушілік пен жікшілдік егуге тырысты» деді ол.

Ханзада Жаңа Зеландияның террорлық лаңкесттікке реакциясын да мақтады.  «Қайғылы сәтте құламай,  бірге тік тұрдыңыз. Осы трагедияға деген реакцияңызбен мақтауға тұратын ұстаным көрсеттіңіз» деді ол.

Мешітке барғанында ханзадаға Жаңа Зеландия премьер-министр Джасинда Ардерн серік болды.



Ұқсас жаңалықтар