Судандағы саяси және экономикалық дағдарыс армияны қозғады

Суданда армия президент пен үкіметті міндеттен босатуға шешім қабылдады.

1181017
Судандағы саяси және экономикалық дағдарыс армияны қозғады

Суданда армия мемлекеттік телеарнаны қоршауға алды. Кейбір әскерлердің ғимаратқа басып кіргені білдірілді.

Мемлекеттік телеарна Ал-Маядеен армияның президент Өмер әл-Бешир және үкіметті міндеттен босатуға шешім қабылдағанын жариялады.

Телеарна армияның қысқа уақытта мәлімдеме жасайтыны атап көрсетті.

Саяси ақпарат көздері болса биліктегі Ұлттық конгресс партиясы басшыларының тергеуге алына бастағанын білдірді.

Басқа жағынан бас қала Хартумдағы әуежайда рейстер кейінге қалдырылып, тек қана қонуға рұқсат берілуде.

Елде 19 желтоқсан күні нан бағаларының қымбаттауының артынан Ніл жағалауындағы Атбера мен Порт Судан қалаларында басталған шерулер экономикалық ахуалдың нашарлауы салдарынан басталса да, кейін Хартумда бастап ел көлеміне тараған шерулер режимге қарсы наразылыққа айналған болатын.



Ұқсас жаңалықтар