Мұғалімдер ереуілге шықты

Олар жалақыларының жақсартылуын талап етеді.

1179115
Мұғалімдер ереуілге шықты

Польшада мұғалімдер ереуілге шықты.

Олар жалақыларының жақсартылуын талап етеді.

Польша Мұғалімдер кәсіподағы төрағасы Славомир Брониарц мұғалімдердің жалақысының жақсартылуы үшін үкіметпен жүргізілген келіссөзден нәтиже шықпағандықтан,  ел көлемінде 400 мың мұғалімнің 80 пайызының ереуілге шыққанын білдірді. Ол ереуілдің тек экономикалық мақсатта еместігін, соңғы жылдары сапасы төмендеген білім беру жүйесінің де қалыпқа келтірілуінің мақсат етілгенін айтты.

Мұғалім кәсіподақтары үкіметтен жалақының айлық мың злоти арттырылуын талап етуде.

Варшавада өткен ай сот және прокуратураның мыңдаған қызметкері де жалақы үшін ереуілге шыққан еді.



Ұқсас жаңалықтар