Бір киттің асқазанынан 40 килограм пластикалық дорба шығарылды

Мәлімдемеде өлген киттің ішінен көптеген сауда дорбасымен қоса, 16 күріш дағары шыққаны хабарланды.

1165941
Бір киттің асқазанынан 40 килограм пластикалық дорба шығарылды

Филиппиндерде жағаға шыққан бір киттің асқазанынан 40 килограм пластикалық дорба шығарылды.

Ағылшын BBC арнасының хабарына қарағанда, Давао қаласының шығысындағы  D'Bone Collector  мұражайы қызметкерлері теңіз жағасынан тауып алған корьер тұмсықты киттің асқазанынан 40 килограм пластикалық дорба шығарылды. 

Мұражайдың Фейсбук есебінен жасалған мәлімдемеде жәндіктің асқазанының бір китте көрілмеген көптіктегі дорбамен толғаны білдірілді.

Мәлімдемеде өлген киттің ішінен көптеген сауда дорбасымен қоса, 16 күріш дағары да шыққаны хабарланды.

Мұражайдың алдағы күндерде киттің ішінен шыққан барлық заттың тізімін жариялайтыны білдірілді. 

Гуардиан газетінің хабарында теңіз биологтарының киттің асқазанындағы пластикадан уланып өлгенін айтқанын жеткізді. 



Ұқсас жаңалықтар