Иран елбасының туған інісі «алаяқтық жасаумен» айыпталуда

Иран елбасы Хасан Руханидің туған інісі Хүсейин Феридун «алаяқтық жасау» айыбымен сотқа берілді.

1148708
Иран елбасының туған інісі «алаяқтық жасаумен» айыпталуда

Иран ресми хабар агенттігі ИРНА-ға қарағанда елбасы Руханидің бұрын кеңесшілігін де жасаған інісі Феридун мен тағы 4 адам «алаяқтық жасау» айыбымен сот процесі аясында түсініктеме берді.

Феридун 2017 жылы шілде айында бір заңсыздық тергеуі аясында тұтқындалса да кейін босатылған еді.

Бұрынғы дипломат болған Феридун 1989-1997 жылдары арасында Иранның Куала Лумпурдағы өкілетті елші қызметін атқарды.

Феридун елдегі оппозиция тарапынан «алаяқтық жасау, парақорлық және заңсыз түрде банкке бас директор тағайындауға араласумен» айыпталуда.

Руханиге жақын болғандар да Феридунға қарсы айыптаулардың «саяси» екенін алға тартады.

Иран елбасы Хасан Рухани 1979 жылғы төңкеріс алдында «Feridun» болған фамилиясын дін адамы деген мағынадағы «Рухани» деп өзгерткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар