Ауғанстан арнайы өкілдері Анкарада бас қосады

Ауғанстанда бейбітшілік орнату талпыныстары жалғасуда

1143655
Ауғанстан арнайы өкілдері Анкарада бас қосады

Ресей президенті Владимир Путиннің Ауғанстан арнайы өкілі Замир Кабулов Ресей мен Америка Құрама Штаттарының Ауғанстан арнайы өкілдерінің 22 ақпанда Түркия астанасы Анкарада бас қосатынын айтты.

Ресейдің бас қаласы Мәскеуде баспасөзге мәлімдеме жасаған Кабулов ауған саясатшылардың 5-6 ақпан күндері Мәскеуде Талибан өкілдерімен бас қосып,  бейбітшілік тақырыбын талқылағанын бағаландырды.

Кабулов жиналыстың Ауғанстандағы саяси тұрақтылықты қалыптастырудағы бұрылыс кезеңі үшін негіз қалағанын білдіріп, басты тақырыптың АҚШ-тың Ауғанстаннан әскерлерін шегіндіруі және бейбітшілік орнату екенін ескертті.

АҚШ президенті Дональд Трамптың  нәтижеге жетпей жатып өте көп күш пен адам шығындағандарын айтқанын ескерткен Кабулов:

"АҚШ соңында аталмыш соғысты аяқтатуы керектігін түсінді. Алайда, қазір осы тақырыпқа баға беру әлі ертерек" деп көрсетті. 

"Ресей мен АҚШ-тың Ауғанстан арнайы өкілдері 22 ақпан күні Анкарада бас қосады" деген Кабулов: "Ауғанстан халқы бейбітшілікті және өз елін қайта құруды қалайды. Ауғандар еңбеккер ұлт және аталмыш тақырыпта тамаша нәтижеге жетулері де мүмкін. Мәскеуде ұйымдастырылған жиналыс осыған меңзеп отыр. Ресей елі ретінде осы тақырыпта ауғандарға қажетті жәрдемді беруге дайынбыз" деп баса көрсетті.

Талибанның саяси нысаналары бар екенін атап өткен Кабулов шетелге қарасты бір армияның Ауғанстанда тұруы қабыл көрілмейтінін айтты.

Кабулов сонымен бірге, Ауғанстан мәселесін шешуде Пәкістан мен Иранның шешуші елдер екенін де атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар