Иранда рақымшылық жарияланады

Төңкерістің 40 жылдығына орай 50 мың тұтқын үшін рақымшылық жарияланады.

1138735
Иранда рақымшылық жарияланады

Иранның Сот билігі басшысы Садык Лариджани төңкерістің 40 жылдығына орай 50 мың тұтқын үшін рақымшылық жарияланатынын білдірді.

Тегеранда жоғары сот өкілдерімен жиналыс өткізген Лариджани төңкерістің 40 жылдығына орай шығарылатын рақымшылық жөнінде мәлімет берді.

Лариджани 50 мың адам үшін шығаралатын рақымшылыққа діни лидер Әли Хаманейдің жылы қарайтынын білдірді.

«Өкінішке орай кейбіреулер рақымшылықтың «саяси тұтқындар» үшін шығарылуы жақсы болады дейді.  Алайда бізде саяси тұтқын жоқ. Кейбіреулер де сыншылар үшін шығарылуын сұрайды.  Олардың ойынша біреулер тек сын айтқаны үшін түрмеде жатқан секілді.  Бұл- жалған.  Сот ешқашан азаматтарды сын айтқаны үшін соттамайды» деді Лариджани.

Иран Атазаңының 110-шы бабының 11-ші тармағына сай Хаманейдің тұтқындарды кешіру өкілеттігі бар.

Хаманей Иран Сот билігінің сұранысына орай жыл сайын төңкерістің жылдығында, мерекелерде және кейбір діни күндерде рақымшылық жариялайды.



Ұқсас жаңалықтар