Ливанда жаңа үкімет құрылды

Ливанда шамамен 9 айға жалғасқан келіссөзден кейін жаңа үкімет құрылды.

1136777
Ливанда жаңа үкімет құрылды

Ливанда шамамен 9 айға жалғасқан келіссөзден кейін жаңа үкімет құрылды.

Ливанда 2018 жылдың 6 мамыр күні болған жалпы халықтыұ сайлаудан кейін жаңа үкіметті құру үшін міндеттендірілген премьер-министр Саад Харири кабинет тізімін ұсыну үшін Президенттік сарайға барды.

Харири артынан Мәжіліс төрағасы Небих Берри де сарайға барып, үштік кездесу өткізілді.

«Мүстакбел» қозғалысы басшысы Саад Харири басшылығында құрылған жаңа үкімет президент Мишель Авнның бекітуімен жарияланды.

Министрлер кабинеті хатшысы Фуад Филфил жаңа үкіметтің 30 мүшесін хабарлады.

Ливанда саяси күштер арасындағы келіспеушіліктер себебімен жаңа үкіметті құруға 9 ай кетті.



Ұқсас жаңалықтар