Иран мен орыс теңіз күштері Каспийде ортақ жаттығу өткізбек

Иран теңіз күштері қолбасшысы адмирал Хүсейин Ханзади мәлімдеме жасады.

1120095
Иран мен орыс теңіз күштері Каспийде ортақ жаттығу өткізбек

Иран теңіз күштері қолбасшысы адмирал Хүсейин Ханзади Иран мен орыс теңіз күштерінің Каспий теңізінде ортақ іздеу құтқару жаттығуы жүзеге асыратынын атап көрсетті.

Ханзади Каспий теңізінде Иран және Ресей теңіз күштері арасында ынтымақтастықтың артқанына назар аударып, «Каспийде мықты ынтымақтастығымыз бар және аймақ елдері болса осы жағдайды біледі. Каспийдің қауіпсіздігі аймақ елдері тарапынан қамтамасыз етіледі. Жақын келешекте Ресей Теңіз күштерімен ортақ іздеу-құтқару жаттығуы өткізбекпіз» деді.

Каспий теңізінде аймақ елдерінен тыс ешбір мемлекеттің болмысына рұқсат бермейтіндерін атап көрсеткен Ханзади Каспийдің бейбітшілік пен достық аймағы екенін атап көрсетті.

Иранның жартылай хабар агенттігі Мехрге мәлімдеме жасаған адмирал Ханзади Ресеймен жүзеге асырылатын ортақ жаттығудың мерзімі жайлы мағлұмат бөліспеді.



Ұқсас жаңалықтар