БҰҰ-ның Йемен арнайы өкілі Йемен мен Сауд Арабиясына барады

Мартин Гриффитс Йемен мен Сауд Арабиясында кездесу жүргізеді.

1118976
БҰҰ-ның Йемен арнайы өкілі Йемен мен Сауд Арабиясына барады

БҰҰ-ның Йемен арнайы өкілі Мартин Гриффитс Йемен мен Сауд Арабиясына барады.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасарларының бірі Фархан Хак күнделікті баспасөз брифингінде Гриффитстің Йеменнің бас қаласы Санада хоуситтер және бітім бақылау комитетіне тағайындалған генерал Патрик Каммертпен бас қосатынын, артынан Йемен президенті Мансур Хадимен кездесетінін білдірді.

БҰҰ хоуситтер және Йемен үкіметі арасында 6 желтоқсан күні басталып, 13 желтоқсан күні Худейде және төңірегінде бітім келісімімен аяқталған келіссөзден кейін осы айдың аяғында тараптарды екінші тур келіссөз үшін жинауға тырысуда.

Дипломаттар келіссөздің бұл жолы Кувейтте болуы мүмкін екенін айтып отыр.

БҰҰ-ның деректеріне қарағанда,  Йеменде тұрғындардың жартысына дөп келетін 14 миллион адам тапшылықпен бетпе-бет. Елде 22 миллионнан астам адамға гуманитарлық көмек керек.

Йеменге азық-түлік өнімдерінің шамамен 90 пайызы, гуманитарлық көмектің 80 пайызы келетін болғандықтан Худейде порты өміршең маңызды.



Ұқсас жаңалықтар