Рақымшылық заңын шығарады

Аталмыш заңнан шамамен 11 мың адам пайдаланады.

1113165
Рақымшылық заңын шығарады

Иорданияда 2018 жылдың жалпы рақымшылық заң жобасы Министрлер кабинетінде қабылданды.

Аталмыш заң жобасының «кішіпейілділік және кешіру түсінігін нығайту, әлеуметтік қауіпсіздік ұғымын бекемдеу, халықтың қиыншылығы мен қысымдарды жеңілдету,  тұтқын және қылмыстыларға қателерін жөндеу үшін мүмкіндік беруді» нысанаға алғаны білдірілді.

Заң жобасына қарағанда, «тыңшылық, экономикалық қылмыстар,  жемқорлық, терроризм, мемлекет қызметкерлері мен мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтірген қауіпті қылмыстар мен есірткі материал, қасақана өртеу,  адам өлтіру,  алаяқтық,  салық және кеден заңсыздығынан туындаған қаржылай жаза мен халықтың өміріне қауін төндірген жол қатынасы қағидаларын бұзушылықтар» рақымшылық заңының ауқымына алынбайды.

Аталмыш заңнан шамамен 11 мың адам пайдаланады.

Иордания заңнамасына қарағанда,  заң жобасының күшіне енуі үшін үкімет қабылдағаннан кейін мәжіліс және Король тарапынан да мақұлдануы керек.  Король мақұлдағаннан кейін заң Ресми газеттер жарияланады.



Ұқсас жаңалықтар