Иракта түрікмен қолбасшыға қастандық жасалды

Иракта аға лейтенант Фелах Хасан Сүлейманийе-Киркук трассасында қарулы шабуылға ұшырап, шәйіт болды.

1094462
Иракта түрікмен қолбасшыға қастандық жасалды

Киркук Полиция директоры Али Кемал Киркукте барлау бөлімшесінде аға-лейтенант болып қызмет атқарған Фелах Хасанға Киркук-Сүлейманийе трассасы үстіндегі Кани Шейтан аймағында қастандық жасалғанын және шәйіт болғанын растады.

Хасанның трассада бара жатқан көлігінің ішінде шабуылға ұшырағанын атап айтқан Кемал көліктегі 2 адамның да жарақат алғанын білдірді.

Кемал қанішерлерді табу және оқиғаның айқындалуы үшін Сүлейманийе және Киркук полиция дирекцияларының ортақ тергеу жүргізгенін де мәлімдеді.

Хасанның мәйіті әскерлер мен туыс-тамырлары қатысатын жерлеу рәсімі үшін мемлекетіне жіберілді.



Ұқсас жаңалықтар