БҰҰ Сомалидегі бомбалы шабуылды қатаң түрде айыптады

Бас қала Могадишода алдынғы күні жасалған бомбалы шабуылда қаза тапқандардың саны 53-ге өсті.

1085467
БҰҰ Сомалидегі бомбалы шабуылды қатаң түрде айыптады

Сомалидің бас қаласы Могадишода алдынғы күні жасалған бомбалы шабуылда қаза тапқандар саны 53-ге ұласты.

Сомали полициясы қызметкері жүзбасы Мұхаммед Хүсейин мәлімдемесінде Могадишода алдынғы күні үкімет лауазымдылары жиі барған бір қонақ үйдің бомба тиелген көлікпен нысанаға алынғанын білдірді.

Хүсейин Полиция орталығына жақын қонақ үйдің авто паркінде де бір жарылыс болғанын еске салды. Хүсейин шабуылдарда қазірге дейін 53 адамның қаза тапқанын және жүзден астам адам жарақат алғанын атап көрсетті.

БҰҰ Бас хатшылығы жасаған мәлімдемеде Сомалидегі шабуылдар қатаң түрде айыпталды.

Террордың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіргені білдірілген мәлімдемеде «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі (БҰҰҚК) мүшелері себебі, жері, мерзімі және күдіктілері кім болса да, лаңкестік әрекеттердің қылмыс екенін және ешбір себебі бола алмайтынын тағы бір рет қайталайды» делінді.

Мәлімдемеде БҰҰҚК-не мүше елдердің осы лаңкестік әрекеттерді жасаған, ұйымдастырған, қаржыландырған және қолдаған баршаның сот алдына шығарылу керектігі атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар