Йеменде келіссөз басталады

6 қыркүйек күні басталатын келіссөздің неше күн болатыны белгісіз.

1032763
Йеменде келіссөз басталады

БҰҰ Йемен арнайы өкілі Мартин Гриффитс Йеменде бейбітшілік келіссөзінің 6 қыркүйек күні Женевада басталатынын хабарлады.

Арнайы өкіл келіссөзге байланысты 5 қыркүйек күні баспасөз брифингін өткізеді.

6 қыркүйек күні басталатын келіссөздің неше күн болатыны белгісіз.

Йеменнің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Али Мажавар Йемен үкіметінің келіссөзге қатысатынын білдірді.

Көптен бері тұрақсыздық болып келген елде заңды үкіметті төңкерген Хоуситтер 2014 жылдан бері бас қала Сана мен кейбір аймақтардың бақылауын қолында ұстап тұр.

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері болса 2015 жылдың наурыз айынан бері Йемен үкіметіне қолдау беріп келеді.



Ұқсас жаңалықтар