Иран Сириядағы әскери болмысын жалғастырады

Иран Мәжілісі төрағасының Халықаралық арнайы өкілі Хүсейин Әмір Абдуллахиян мәлімдеме жасады.

1008202
Иран Сириядағы әскери болмысын жалғастырады

Иран Мәжілісі төрағасы Али Ларжанидің Халықаралық жұмыстар арнайы өкілі Хүсейин Әмір Абдуллахиян Иранның Сириядағы әскери болмысын жалғасатынын атап көрсетті.

Иранның жартылай ресми хабар агенттігі Теснимнің хабарына қарағанда  Сирияда террор ұйымы ДАИШ-тің жеңілуінің артынан Израильдің билік құрғысы келгенін тілге тиек еткен Абдуллахиян «осының алдын алу үшін Иранның бұл елдегі болмысын жалғастыратынын» атап айтты.

Абдуллахиян «Иранның әскери кеңесшілері Сириядағы міндетін бірқалыпты жалғастырады» деді.

Иранның Сирияның оңтүстік батысындағы әскери болмысына мазаланған Израиль Ресей мен Тегеран әкімшілігіне қарасты бүкіл әскери күшті аймақтан шығару жөнінде келіскенін алға тартқан болатын.

Батыс медиасында АҚШ президенті Дональд Трамптың 16 шілде күні Финляндияның Хельсинки қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен бас қосып, Иранның Сириядан толығымен шығуы үшін қолдау сұрайтыны жайлы жаңалықтар жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар