Малайзия үкіметі халқынан жәрдем сұрады

Малайзия үкіметі қарыздарын төлеу үшін ашқан Үміт қорына 6,8 миллион доллар ақша жиналды.

985140
Малайзия үкіметі халқынан жәрдем сұрады

Малайзия үкіметінің ел қарыздарын төлеу үшін халықтан жәрдем талап еткен қорға қазірге дейін 6,8 миллион доллар ақша жиналды.

Экономика министрі Лим Гуан Энг жасаған баспасөз жиналысында Үміт қорымен ел қарызының төленуі үшін халықтан жиналған ақша көлемінің 6,8 миллион доллар екенін атап көрсетті.

Малайзия халқы 6 күн бұрын ашылған қор үшін тек қана 30 мамыр күні 1,76 миллион доллар бағыштаған болатын.

Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Неджип Резак кезеңінен қалған шамамен 252 миллиард доллар қарызы бар.

«Үміт қорын» ашқан премьер-министр Махатхир Мұхаммед 9 мамыр күні жалпыхалықтық сайлауда жеңіске жетіп міндетке келген кезде елді қайтадан салуға шақырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар