Ресей тағы қарсы шықты

БҰҰ-да АҚШ-тың жобасы қабылданбады.

948625
Ресей тағы қарсы шықты

Ресей БҰҰ-на берілген Сирияда химиялық қару қолдануды тексеруді ұсынған жобаны вето қылды.

Резолюция жобасын Америка Құрама Штаттары берген болатын.

Жобада БҰҰ делегациясының Шығыс Гутаның Дума ауданында тексеру жүргізуі ұсынылған болатын.

Резолюция жобасы сонымен бірге Думада кемінде 40 адам қаза тапқан шабуылда химиялық қару қолданылғаны жөнінде айыптаулардың тексерілуі үшін БҰҰ құрамында тәуелсіз тексеру механизмі құрылуын көздейтін және химиялық шабуылды айыптайтын еді.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензия жоба «жағдайды одан әрі ушықтырады» деп нарызылық білдірген болатын.

Ресей Федерациясы осылайша 7 жыл толған Сирия соғысының басынан бері 12-ші мәрте резолюция жобаларын вето қылып отыр.

Мәскеу артынан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қарсы жоба ұсынды.  Бұл жобада БҰҰ механизмінің тек Сирияда химиялық қару қолданылып қолданылмағанын анықтап,  Қауіпсіздік кеңесіне есеп беруі және шабуылдың жауаптыларының Қауіпсіздік кеңесі тарапынан анықталуы талап етілді.

Аталмыш жоба да қажетті 9 дауысты жинай алмағандықтан қабылданбады.



Ұқсас жаңалықтар