541 тұтқынға рақымшылық

Сенегалде 541 тұтқынға рақымшылық жарияланды.

881126
541 тұтқынға рақымшылық

Батыс Африканың Сенегал елінде 541 тұтқынға рақымшылық жарияланды.

Президенті Маки Салл жаңа жылға орай 541 тұтқын үшін рақымшылық жариялады.  Олардың көбі ұрлық секілді қылмыстардан сотталған адамдар.

Кешірім берілгендер арасында 18 жастан төмен 13 тұтқын және 65 жастан үлкен екі адам,  бір ауыр науқас бар екені хабарланды.

Ірі қара мал ұрлау болса өткен жылы көбейіп кеткендіктен биыл рақымшылық аясына алынбады.



Ұқсас жаңалықтар