Сирия тақырыпты "Женева – 8 келіссөздері" басталды

Сирия режимі делегациясы келіссөздердің екінші отырысына қатыспады.

862111
Сирия тақырыпты "Женева – 8 келіссөздері" басталды

Сирия тақырыпты Женева – 8 келіссөздері аптаның соңында берілген үзілістің артынан режим делегациясының келмеуіне қарамастан, оппозиционерлердің қатысуымен қайтадан басталды.

Швейцарияның Женева қаласында 28 қараша күні басталған жанама түрде келіссөздердің екінші отырысында Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Сирия арнайы өкілі Стеффан де Мистура оппозиционерлермен бас қосты.

Жұма күні берілген үзілістің артынан Дамаскқа оралған Сирия мемлекеттік делегациясының Женеваға қашан қайтатыны белгісіз.

Сириялық оппозиционерлер тарапынан құрылған Келіссөз Жоғары комитеті төрағасы Насыр Харири, Мистурамен келіссөздер барысында Сирияда режим жасаған зұлымдықтың егжей-тегжейімен анықталып, соғыс қылмыскерлерінің сот алдына шығарылуын қамтитын бір құжат ұсынғандарын жариялады.

Өздерінің Сирияда саяси шешім табуы үшін талпыныстарын тығыз түрде жалғастырғандарын атап түсіндірген Харири режимнің әртүрлі сылтаулар алға тартқанын атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар