Женевада Сирия келіссөздерінің 8-шісі басталды
Асад режимі делегациясы келіссөздердің екінші күні Стеффан де Мистурамен алғашқы ресми жиналысын өткізді.
Швейцарияның Женева қаласында 8-шісі ұйымдастырылған Сирия келіссөздері жалғасуда.
Келіссөздердің алғашқы күніне қатыспаған Асад режимі делегациясы екінші күні БҰҰ Бас хатшысы Сирия арнайы өкілі Стеффан де Мистурамен алғашқы ресми жиналысын өткізді.
Арнайы өкіл саяси кезеңде нақты қадам басу тақырыбына назар аударуды талап етті.
Жиналыстардың күн тәртібін өтпелі кезең, атазаң жобасының дайындалуы және сайлауды ұйымдастыру тақырыптары құрайды.
Оппозиция делегациясының басшысы Насыр Харири болса тез арада режиммен тікелей келіссөздерге қатысуды талап етті.
Оппозиционерлер Сирияда уақытша кезеңнің Асадсыз болуы тақырыбында табанды.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.