Йемендегі оқиғалар

Қазан айында 117 адам қаза тапты.

850500
Йемендегі оқиғалар

Йеменде жалғасып жатқан қақтығыстарда қазан айында 117 азамат қаза тапты. 

Женевада орналасқан SAM Адам құқықтары ұйымы жариялаған есепте: "Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштерінің әуеден жасаған операцияларында 69, хоуситтердің шабуылдарында 40, хоусит пен төңкерілген президент Али Абдуллах Салих жақтаушыларының түрмелердегі жәбір-жапасында 3, жерге төселген миналардың жарылуы нәтижесінде 5 адам қаза тапты" деп айтылған.

Тараптар арасындағы қақтығыстар барысында 22 әйел, 43 бала,  барлығы 164 азамат жараланды.

Көп уақыттан бері тұрақсыздық болып келе жатқан Йеменде хоуситтер мен Салих жақтастары 2014 жылдың қыркүйек айынан бері астана маңын бақылауында ұстап келеді. Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері болса 2015 жылдың наурыз айынан бері Йемен үкіметіне көмек беруде. 

 



Ұқсас жаңалықтар