Солтүстік Кореядан АҚШ-қа ескерту

Солтүстік Кореяның БҰҰ тұрақты өкілі Ja Song Nam АҚШ-тың ядролық соғыс қаупін арттырғанын ескертті

846896
Солтүстік Кореядан АҚШ-қа ескерту

Солтүстік Кореяның Біріккен Ұлттар Ұйымы тұрақты өкілі Ja Song Nam АҚШ-тың Оңтүстік Кореямен ұйымдастырған ортақ әскери жаттығудың ядролық соғыс қаупін арттырғанын ескертті.

 Ja БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешке жіберген хатында АҚШ-тың соңғы рет 3 ұшақ кемесімен қатысқан ортақ жаттығудың Солтүстікте дағдарысты асқындырып, аралда «қазірге дейінгі ең нашар жағдайға» жол ашқанын атап көрсетті.

АҚШ-тың салқын соғыс кезеңіндегі ядролық қабілетке ие B-52 стратегиялық бомбалау ұшақтарын қайта іске қосқанын атап көрсеткен Ja Оңтүстік Кореямен ортақ ұйымдастырған әскери жаттығулардың да ядролық соғыс қаупін арттырғанын ескертті.

Ja АҚШ-тың үзіліссіз жыл бойынша жасаған ядролық соғыс жаттығулары мен шантаждарының Солтүстік Корея ұстанған жолдың қаншама дұрыс екенін көрсеткенін және аяғына дейін бұл бағытта жұмыстанатындарын атап көрсетті.

Корея төңірегінде басталған және Оңтүстік Кореядан 7 теңіз флоты кемесі мен АҚШ флотын қарасты «USS Nimitz», «USS Theodore Roosevelt», «USS Ronald Reagan» атты 3 ұшақ кемесі және 11 соғыс кемесі қатысқан жаттығудың 14 қараша күніне дейін жалғасатыны жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар