Украинадан резолюция жобасы
Қырымдағы адам құқықтарын бұзушылық БҰҰ күн тәртібінде болады.
Украина сыртқы істер министрі Павло Климкин БҰҰ Бас ассамблеясына Қырымдағы адам құқықтары жағдайына байланысты жаңа резолюция жобасын ұсынатындарын білдірді.
Климкин баспасөз брифингінде БҰҰ-ға ұсынылатын «Қырымда және Сивастопольде адам құқықтарының жағдайы» атты резолюцияның жобасы туралы айтып берді.
«Ресейдің адам құқықтарын бұзушылықтарына байланысты жаңа жоба ұсынамыз» деген Климкин резолюция жобасының қараша айының ішінде дауысқа салынуы мүмкін екенін айтты.
«Бұл сонымен бірге акция. Осы акция адамдардың өздерін сенімде сезінбеуін, бірбірімен кейде сөйлесуден де қорқыққанын, Украина тектілердің тұтқындалу қаупі болғанын, Украина тілінде білім беруге тыйым салынғанын көрсету үшін жоспарланды» деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.