ДАИШ қылмыстары үшін делегация құрылады

Резолюция жобасын 15 мүше ел ауызбірлікпен қабылдады.

812054
ДАИШ қылмыстары үшін делегация құрылады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иракта террорлық ұйым ДАИШ жасаған соғыс қылмыстарын тексеру және айғақ жинау үшін бір делегация қалыптастыруға шешім берді.

Қауіпсіздік кеңесіне Ұлыбритания тарапынан берілген резолюция жобасын 15 мүше ел ауызбірлікпен қабылдады.

Резолюцияға қарағанда Иракта ДАИШ тарапынан жасалған соғыс, қырғын және адамзатқа қарсы қылмыстарды тексеру және айғақ жинау үшін БҰҰ делегациясы қалыптастырылады.

Ирак Сыртқы істер министрі Ибрахим Джафери, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешке өткен ай хат жолдап,  ДАИШ-тың Ирак территориясында істеген қылмыстарына байланысты сотталуы керектігін білдірген болатын.

Актер Джордж Клунидің жұбайы адвокат Амаль Клуни де наурыз айында Ирак үкіметін әсіресе езид әйелдерге қарсы қылмыс жасағандардың жазаландырылуы үшін БҰҰ-дан көмек талап етуге шақырған еді.



Ұқсас жаңалықтар