Еуропаның үміті болды

Франция президенті ЕО кеңесі төрағасымен кездесті.

734587
Еуропаның үміті болды

Франция президенті Эммануэль Макрон елінің Еуроодақтың жаңа және маңызды саясат жүргізуін қамдайтынын айтты.

Макрон ЕО кеңесі төрағасы Дональд Тускпен бірге Еуроодақ реформасын қолға алды.

Еуроодақтың құрылымының қайта қаралуы керектігін атап көрсеткен Франция президенті Макрон Тускпен бірге тез арада жұмыстануды бастайтындарын айтты.

«Франция одақтың жаңа және маңызды саясат жүргізуін қамдайды» деді ол.

ЕО кеңесі төрағасы Дональд Туск та Еуропаға Макронның энергиясы, арманы және батылдығы керектігін білдірді.

«Мен Еуропа дегенде органдар туралы айтып отырған жоқпын. Сіздің жеңісіңізді бір үміт ретінде қабылдаған миллиондаған еуропалықты айтып отырмын» деді ол.

Францияның жаңа президенті Еуропа Одағында Евро аймағының нығайтылуын,  шекара қауіпсіздігі және босқын саясаты тақырыптарында көптеген өзгеріс енгізілуін қалайды.



Ұқсас жаңалықтар