Жерорта теңізінде екі босқын қайығы суға кетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жоғалған 250 адамның опат болуы мүмкін екенін жариялады.

728680
Жерорта теңізінде екі босқын қайығы суға кетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар жоғары комиссарлығы жасаған мәлімдемеде болса жексенбі күні Ливия теңіз айдынында суға кеткен бір қайықтағы 163 адамның да қаза табуы мүмкін екенін атап көрсетті.

Қайықтағы босқындардан 1 әйел, 6 еркек барлығы 7 адамның теңіз күзету топтары тарапынан құтқарылғаны атап көрсетілді.

Сицилия су айдынында да 132 адам мінген үрлемелі бір қайықтың суға кеткені, құтқарылған 50 адамның Сицилиядағы Поззалла аралына апарылғаны білдірілді.

БҰҰ Босқындар Жоғары комиссарлығының соңғы мағлұматтарына қарағанда биыл Солтүстік Африкадан Италияға Жерорта теңізі арқылы өтуге әрекет жасаған мың 300 адам табыла алмады. Жоғалған бұл адамдардың қаза табуы мүмкін екені алға тартылады.



Ұқсас жаңалықтар