Ресей вето қойды

Жобаны АҚШ, Ұлыбритания және Франция дайындаған болатын.

711729
Ресей вето қойды

Ресей вето қойды.

Сирия билігінің Идлиб қаласына химиялық қарумен шабуылының тексерілуін көздейтін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі резолюциясына вето қойды.

Жобаны АҚШ, Ұлыбритания және Франция дайындаған болатын.

Резолюция жобасында Асадтың 4 сәуір күнгі әуе операцияларына байланысты барлық мәліметтер мен басқарушылар тізімін беруі,  химиялық шабуылға байланысы бар деп есептелген әскери базаларда тексеру жүргізуге рұқсат беруі талап етілген болатын.

Ресей бұл мәтінде «қабылданбайтын» деп сипаттады және вето қойды.

Жобаға сонымен бірге Боливия да қарсы дауыс берді.

10 мүше жобаға «қабыл» даусы берсе де,  тұрақты мүше Ресейдің ветосына байланысты жоба қабылданбады.

Осылайша Ресей Сириядағы соғыс басталғалы бері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сегізінші мәрте Сирия резолюциясына вето қойды.

Тұрақты мүшелердің бірі Қытай бұл жолы Ресейге қосылмай, қалыс қалды.

Эфиопия мен Қазақстанның да қалыс қалуы назар аударды.

Қауіпсіздік кеңесі залында қатты талас болды.

АҚШ тұрақты өкілі Никки Хейли  Асадтың бейбітшілікпен қатысы жоқтығын,  Ресей, Иран және Хизбулланың да оны қолдап отырғанын айтты.

Хейли «Асад пен Сирия үкіметі, Сирияда қорқынышты істеріңізден кейін енді әлемде еш досыңыз қалмады.  АҚШ істеген істеріңізді жақыннан бақылап отыр. Залымдығыңыз бен адам баласын елемейтін күндер аяқталды. Сылтауыңызды енді ешкім естімейді» деді.

АҚШ шабуылдың химиялық қарумен жасалғанын жасыруға тырысқан Сирия билігіне көмек берді деп Ресейді де айыптап отыр.

Канада Сыртқы істер министрі Христя Фриланд та БҰҰ-дағы жүйенің тұйыққа тірелуінің Сириядағы залымдықты жасағандардың есеп беруіне кедергі болғанын айтты.  Министр Фриланд Ресейдің ветосына байланысты жазбаша хабарламасында нәтижеге өте қиналғанын білдірді.

«Канада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде дауысқа салу барысында Ресейдің ветосына қатты қиналды.  Бұл Ресейдің Сирия тақырыбындағы сегізінші ветосы.  БҰҰ-дағы жүйенің тұйыққа тірелуі сириялықтардың азабын паш ете алмай отыр және Сириядағы залымдықты жасағандардың есеп беруіне де кедергі» деді ол.

Фриланд: «Канада ретінде Ресей мен Иранды Асад билігінің қолдаушылары ретінде химиялық шабуылды айыптаған халықаралық қоғаммен бас қосуға шақырамыз» деді.

Ресей болса тақырыпқа қатысты өзі дайындаған жобаны бүгін ресми түрде Кеңеске ұсынды. Ресейдің жобасының қашан дауысқа салынатыны белгісіз.



Ұқсас жаңалықтар