Қауіпсіздік кеңесі кезектен тыс жиналады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Сирия әуе базасын бомбалауына байланысты кезектен тыс жиналуға шешім берді.

708284
Қауіпсіздік кеңесі кезектен тыс жиналады

 

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Сирия әуе базасын бомбалауына байланысты кезектен тыс жиналуға шешім берді.

Қауіпсіздік кеңесінің хабарламасында Түркия уақытымен сағат 18,30-да басталатын жиналыс ашық болады. БҰҰ Бас хатшылығы мүшелерге осы тақырыпқа байланысты брифинг береді.

Кезектен тыс жиналыс өткізу талабы Қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшелерінің бірі Боливиядан келді.

Сонымен қатар Асад жүйесінің химиялық қару шабуылына байланысты дайындалған үш бөлек резолюцияның талқылауы да жалғасып жатыр.

АҚШ, Ұлыбритания және Франция бір жоба жайындап, артынан Ресей қарсы жоба дайындап, мүшелерге ұсынған болатын.

Дәнекер болуға тырысқан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің уақытша он мүшесі де үшінші жоба дайындап,  мүшелерге таратты. Осы резолюция жобаларының Кеңеске ұсынылып ұсынылмайтыны белгісіз.



Ұқсас жаңалықтар