Халеб резолюциясы қабылданбады

Ресей мен Қытай вето қылды.

624351
Халеб резолюциясы қабылданбады

БҰҰ-да Сирияның Халеб (Алеппо) қаласына гуманитарлық көмек жеткізу мақсатында қақтығыстарды 7 күнге тоқтатуды сұраған резолюция шешімі қабылданбады.

Халебте әкімшілік пен Ресейдің жойқын әуе шабуылдарында көптеген бейбіт азаматтың қаза табуы және БҰҰ-ның Халебті «азық-түліксіз қала» деп жариялауына орай Испания, мысыр мен Жаңа Зеландия Қауіпсіздік кеңесіне резолюция жобасын ұсынған болатын.

Жобаны Ресей мен Қытай вето қылды.  Вето құқығы жоқ Венесуэла да қарсы дауыс қолданды.  Ангола қалыс қалып,  11 ел жобаны қолдау дауыс берді.

Осы вето арқылы Ресей 2011 жылдан бері алтыншы рет, Қытай болса бесінші рет Сирия резолюциясын вето қылды.

15 мүшесі бар Қауіпсіздік кеңесінде бір жобаның қабылдануы үшін 9 «қабыл» даусын алуы және тұрақты мүшелер АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания мен Францияның ешқайсысының вето қылмауы керек.

Сирия Оппозиция және төңкерісші күштер ұлттық коалициясының БҰҰ-дағы арнайы өкілі Неджип Гадбиан дауысқа салудан кейін жазбаша мәлімдеме жасап,  «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияда адам жанын аман алып қалуға ниетті емес екені айдай анық» деді.

Гадбиан БҰҰ-ға мүше елдерден Халебтегі азаматтарды құтқару үшін тақырыпты 193 мүшелі БҰҰ Жалпы кеңесіне ұсынуын күтетіндерін білдірді.

Осы арада жобаға қарсы шыққан Ресей мен Қытайға батыс елдері наразылық білдірді.

Ұлыбританияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Матью Рикрофт дауысқа салудан кейін «Ресей 5 жылда алтыншы мәрте Сирияда мағыналы бір қадам басылуына кедергі болды» деді.

Францияның өкілі болса Сирия әкімшілігінің әскери стратегиясының әрі моральдық құлдыраудың көрінісі екенін,  әрі әлем қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отырғанын атап көрсетті.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Гуркин болса кеңеске ұсынылған резолюция жобасының арандатушылық мақсатты екенін алға тартты. Оның айтуынша қақтығыстар тоқтайтын мерзімде оппозиция қаруларын жинап, күшін нығайтады. Сондықтан соғыс одан да созылып, азаматтар зиян шегеді.

Сонымен бірге Канада аталмыш проблемаға шешім табылмауына орай қиналғанын білдіріп,  тақырыптың БҰҰ Жалпы кеңесінде талқылануы үшін жұмыстанатынын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар