ПЙД террор ұйымы Сирияда орта мектепті жапты

Сирияның Хасеке қаласына қарасты Камышлы ауданында 2 мың оқушы мектепсіз қалды.

614660
ПЙД террор ұйымы Сирияда орта мектепті жапты

Террор ұйымы ПЙД/ПКК Сирияның Хасеке қаласына қарасты Камышлы ауданында 2 мың оқушыны мектепсіз қалдырды.

Бұрын мектеп басшылары мен мұғалімдерін қорқытқан террористтер Манахил Элбир орта мектебіне басып кірді.

Күндізгі және кешкі білім беру жүйесінде оқыған мектептегі 2 мың оқушы террор ұйымы мүшелерінің басқынымен мектептен шығарылды.

Оқушыларға бұдан кейін мектепке келмеулерін айтқан ұйым мүшелері ғимарат қақпасын құлыптады.

ПКК террор ұйымының Сириядағы тармағы ПЙД 9 қазан күні Камышлыда жекеменшік Үміт пен бейбітшілік мектебі, 10 қазан күні жекеменшік Евфрат колледжі, 24 қазан күні болса Дейрик ауданындағы арнайы армян мектебін басып кірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар