БҰҰ айыптады

Қабылданған резолюцияда тараптар атысты тоқтатуға шақырылды.

611612
БҰҰ айыптады

БҰҰ Сирияның Халеб қаласында бейбіт азаматтарға бағытталған шабуылдарды айыптап,  тараптарды атысты тоқтатуға шақырды.

Сауд Арабиясы тарапынан дайындалып,  БҰҰ жалпы кеңесінің Адам құқықтарына жауапты үшінші комитетінде бекітілген шешім резолюциясы 15 «қарсы» дауысқа қарсы 116 «қабыл» даусымен қабылданды.

Дауысқа салуда Ресей мен Иран «қарсы» дауыс қолданды. 49 мүше ел қалыс қалды.

Комитетте қабылданған резолюциялар келесі ай жалпы кеңесте дауысқа салынады.

Сириядағы адам құқығын бұзушылықтар азаматтық соғыс басталған 2011 жылдан бер жыл сайын Жалпы кеңесінің адам құқықтары комитетінде дауысқа салынып,  айыпталуда.

Биылғы резолюцияда атысты тоқтату және гуманитарлық көмектің жеткізілуі үшін шақыру тасталды.



Ұқсас жаңалықтар